А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті




НазваниеА. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
страница8/46
Дата конвертации21.08.2012
Размер6.62 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

А.АХМЕТОВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ АКБ-012 тобының студенті


Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент м.а. Күнпейіс Ж.Қ.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.

Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Үкіметіміздің қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін – деп міндеттелген [1].

Әсіресе өкіметтің қабылданған қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен 2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі бағыттарындағы білім беру саласында мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті алға қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы да қажет екендігі белгіленді.

Осы орайда Республикамызда орналасқан әрбір мектептің, өндірістік ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында оқушылардың еңбек тәрбиесін, политехникалық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жаңғырту міндетін қойып отыр.

Дегенмен, жастарға кәсіптік бағдар беру туралы алғашқы ойлар, ХІХ ғасырдың өзінде-ақ ше-телдерде де пайда бола бастады. Атап айтқанда, Францияда «Мамандық таңдауға басшылық» ту-ралы еңбек 1849 жылы жарық көрсе, ағылшын психологы Ф.Тальтон 1883 жылы бірінші рет тест-тік байқауды ұсынды. 1968 жылы Гарвард университетінің (АҚШ) профессоры Ф.Парсонс Бостон қаласында «Бағдарлау бюросын» ұйымдастырды. Ол оқушыларға өмірде өз орнын таңдауға көмектесуге тиісті болатын болса, бұл бюро кейін Нью-Иоркке көшірілді. Мұндай кеңес беретін орталықтар Англияда, Бельгияда, Чехославакияда, Швецарияда, т.б. елдерде дамыды. Ондай орталықтарда негізінен мектеп оқушыларына мамандық таңдауға кеңес беру мәселесі қойылды.

Осындай идеялар Кеңес Одағына кіретін елдерде жастардың, мамандықты еркін, өз икемділі-гіне байланысты таңдауға, бағыттау қажеттілігіне қол жеткізу мүмкіндігі жоспарланып, осы ба-ғытта бірқатар жұмыстар жүргізілді. Еліміздің әрбір өңірінде өндіріс салалары бой көтеріп, халық шаруашылығының бір-бірімен байланысты болатын мынадай салалары қарқынды дамыды: өнді-ріс, ауылшаруашылығы, көлік (транспорт), құрылыс, байланыс, сауда, қоғамдық тамақ, комму-нальды шаруашылық, тұрмыстық қажетті өтеу, ғылым, ағарту-оқу, мәдени, денсаулық сақтау, т.б.

Осы кәсіптік мамандықтың барлығында да адамдар қызмет ететін, бірнеше мамандықтарды иегеріп отырды. Ондай өндірістік орындарында істейтін негізгі күш – жастар болды. Сондықтан жастарға кәсіптік бағыт беру жұмысын дұрыс жолға қойып, нәтижелі ұйымдастырудың маңыздылығы күннен-күнге арта бастады.

Ал, бүгінгі күні еліміздің мектеп реформасына орай мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар екенін бірқатар ғалымдар мынандай қасиеттердің болуын дәлелдейді [2].

Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық таңдауға даярлауда, жеке адамның кәсіптік қажеттіліктерімен икемділіктерін, қызығушылығын және басқа да қасиеттерін тұрақтандыруда мамандыққа қатынасы есептеледі. Ал оны кәсіптік бағыт деп те атайды. Бір жағынан бұл психологиялық термин болып есептеледі, яғни атап айтқанда «жеке адамның бағыты», яғни сыртқы ортаға, еңбекке жеке адамның ішкі дүниесінің қатысы болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда жеке адамның психологиялық ерекшеліктері де қарастырылады. Кәсіптік бағыт беруде оқушылардың кәсіптік қызығушылығы мен жоспарын қалыптастыру ең бірінші міндет болып саналады.

Шындығында еңбекке қызығушылық – кәсіптік таңдаудағы ең маңызды мәселе. Бұл туралы Е.С.Кузьмина мен А.Л.Свентицийдің зерттеуінде кейін мамандығын ауыстырғысы келетін жастардың көпшілігі сол мамандыққа әуел баста қызықпағандығынан екендігін келтіреді.

В.В.Водзинская мамандық таңдаудағы ең бірінші фактор мамандыққа деген қызығушылық деп есептейді [3].

Сондықтан баланың мамандыққа деген қызығушылығын арттырудың өзі, оның танымдық қызметін, яғни сол мамандыққа байланысты танымдық қызметін арттыру болып табылады. Кейде оқушылар өзінің алдына белгілі міндеттер қоя алмайды, еңбекті сүю қасиеті нашар, немесе мамандық тандауды өз бетінше шеше алмайды. Сондай-ақ, көпшілігі бір істі аяғына жеткізе алмай, екіншісін бастайды. Сондықтан да мұғалімнің шешетін міндеті – оқушының өзінің қызметіне жол көрсету, көмек беру, бір істі тындырымды атқаруына кеңес беру болып есептеледі.

Мектеп оқушыларын еңбекке кәсіптік қызығушылығын тәрбиелеудің күрделілігі сол, бір қарағанда оқушылардың көпшілігі халық шаруашылығындағы мамандықтарына қызықпайтын сияқты байқалады. Сондықтан, мамандық таңдауда басшылыққа алынатын маңызды мәселенің бірі ол – мамандық таңдау жұмысын оқушылардың жалпы танымдық қызығушылығымен байланыстыра жүргізу болып табылады.

Демек, бұл қазіргі мамандықтардың ғылыми негізі ғылым мен техникаға байланысты болғандықтан, көптеген мамандықтар белгілі бір ғылымға байланысты болады. Ал ғылым салалары әрбір өндіріс салаларымен тығыз байланысты.

Мамандық таңдауға даярлықта оқушылардың мамандық таңдау жоспарын қалыптастырудың үлкен маңызы бар. Жоспар болашаққа ой жіберу, адамның ой жүйесінің көрінісі болып табылады. Сондықтан мамандық таңдауда оқушылардың болашақта кім болам деген мәселені өзінше шешуге үлкен көңіл бөлінеді.

Оқушылардың мамандық таңдау үшін өзіндік жоспар жасауында мамандық олардың өзінің жеке білімділігі мен икемділігіне байланысты және қоғамның қажетіне байланысты болу жағы қарастырылады.

Ол үшін балалармен, олардың, ата-аналарымен үнемі жүйелі түрде әңгіме өткізіледі. Сондықтан мамандық таңдаудағы психологиялық, сенімділік мәселесін еске алуда жеке адамның мамандық таңдаудағы қоғамның позициядағы рөлін ұмытуға болмайды. Оның жақсы өмір сүру ортасын құрудағы, өзінің сезімін, жоғары адамгершілік қасиетін, еңбек сүйгіштігін, сенімі мен идеялын арттыру көзделеді. Мұндай қасиеттерсіз – олардың мамандық таңдауы мүмкін емес.

Сол себепті де оқушылардың кәсіпті таңдаудағы өзіндік айқындалуының төмендегідей принциптері бар:

- кәсіпті таңдау мәселесіндегі жеке тұлғаның белсенділік принципі;

- таңдаған кәсіптің қызығушылықпен, қабілеттілікпен, жеке тұлғаның қабілеттілігі мен кадрға деген қоғамның қажеттілігінің сәйкестік принципі;

- кәсіпті таңдауда қоғамға едәуір пайда келтіруге ұмтылуды сипаттайтын кәсіпті саналы таңдау принципі.

Сонымен бірге оқушылардың мамандық таңдауына және кәсіптік ойының қалыптасуына көптеген факторлар ықпал етеді. Олардың қатарына мыналар жатады: достары, жолдастары, достық қарым-қатынас сферасы.

Осылардың ішінде басты рөл атқаратыны отбасы және отбасы дәстүрі. Олар оң немесе теріс де ықпал етуі мүмкін. Кәсіптік ойдың қалыптасуына еңбек тәрбиесі басты мәнге ие болып табылады.

Кеңестік жүйеде өкіметіміздің кәсіптік білім беру жұмыстарында жас ұрпақты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жұмысшы мамандықтарына кәсіптік бағдарлауға ерекше мән берілді. Бұл мәселені шешуге өндірістік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, мектеп, отбасы жаңа өмірге аяқ басқалы отырған жас жігіттер мен қыздар мүдделі болды

Оқушылардың кәсіп таңдауында көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда:

- еліміздің халық шаруашылық саласындағы өнеркәсіп орындарының қарқынды дамуы;

- заман талабына сай мәдени және өндірістік ортаның дамуы;

- оқу мекемелерінің қайта құрылуы;

- сыныптан және мектептен тыс жұмыстар;

- ақпараттық құралдардың қарқынды дамуы,

- кәсіптік бағдар берудегі мектеп пен басқада білім беретін мекемелердің арнаулы насихат жұмыстары, т.б.

Осы аталып өтілген факторларға орай мектеп оқушыларын кәсіби бағдар беру шараларын жүйелі ұйымдастыруды бүгінгі күні қатты талап етіп отыр.

Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген.

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады. Бірінші кезең – бастауыш сыныптарда, екінші кезең – V-VІІ, үшінші кезең – VІІІ-ІХ, төртінші кезең – X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі – кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті – оқып жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы жастарымыз халық шаруашылығының өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандықтың бүгіні мен ертеңін, оның сан алуан сырларын, жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру.

Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, топ серуен, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін кәсіби мамандар туралы стенд, альбом, фотосуреттер баяндайтын жарнамалар. Өнеркәсіптің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Олардың негізгілері өндірістік шеберханалар мен оқу-тәжірибе алаңдарында жұмыс істеу, факультативтік оқу, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы, болып табылады.

Кәсіби насихат жұмысын және кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, баспа орындары арқылы да жүзеге асырудың маңыздылығын атап көрсетеді [4].

Кәсіби кеңес – мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты – жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға мамандық таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеттерінде жекелей және топтық конференциялар мен кездесулер ұйымдастырады.

Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес көпшілікке жүргізілетін жұмыс. Оның қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары. Демек, мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт.

Екіншіден, үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарынан көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында қызметкерлерді босатудың ауқымы едәуір өсе түседі. Жаңа шаруашылық механизмі де осыған құлшындыратын болады және оны дұрыс жүргізу қажеттілігін күшейтеді деп түсіндіреді [5].

Оқушылардың мамандық таңдау кезінде оқыту үдерісіндегі сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырылуының әсері бар. Сондықтан бұл жұмыстар оқушылардың кәсіптік, мамандық қызығушылығын арттыра отырып, танымдық қызметін дамыту барысында жүргізіледі. Оқушылардың кәсіпті саналы таңдауға даярлау жұмыстарын ұйымдастыруда, оқыту жұмысының тиімділігін арттыру басшылыққа алынады. Әсіресе мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарта отырып, окушылардың кәсіпке, мамандыққа қызығушылығын арттыруға жағдай жасауға көңіл бөлінеді.

Мектеп окушыларының пән жағынан өсуі мен адамгершілік және интеллектуальдық жағынан қалыптасудың факторлары мынадай болып есептеледі:

- дұрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі,

- еңбекке үйрету және кәсіптік бағдар,

- өнімді еңбекке мектеп оқушыларының тікелей қатысуы т.б. болып есептеледі.

Сондай-ақ өнімді еңбекпен ұштастыру оқушыларды кіші сыныптардан бастап, жүйелі ұйымдасқан, өздерінің денсаулығы мен жас мөлшеріне сай қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру көзделеді.

Ал мектепте еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің негізгі мақсаты:

- еңбекке деген сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына деген кұрметке баулу;

- оқушыларды қазіргі өнеркәсіптің, ауыл шаруашылық өндірісінің, құрылыстың, транспорттың, қызмет көрсету саласының негіздерімен таныстыру;

- оқу мен қоғамдық пайдалы жұмыс барысында олардың бойында еңбек дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру;

- саналы түрде мамандық таңдауға ұмтылдыру. Сондықтан оқушыларды еңбекке үйрету және олардың қоғамдық пайдалы, өнімді еңбек етуі үшін қажетті уақытты ұзарту арқылы көңіл бөлу.

Бүгінгі таңда, мектептердің алдына халық шаруашылық қажеттерін және шаруашылықта нақты жағдайларын ескере отырып кәсіптік бағдар беруді жүйелі түрде жүргізу міндеті қойылып отыр. Бұл мақсаттар үшін «технология» пәнін оқып үйренудің барысында практикалық сабақтарда іске асырылып отырылады. Мұғалім окушыларға ғылым негіздерін терең, сапалы бере отырып, оқушының сол ғылымдардың кейбір бөлім мен тараулары бойынша қызығушылығын туғызу жағын қарастырады.

Оқушыларға кәсіптік бағыт беруде гуманитарлық-техникалық пәндерді оқыту негізінде оқушыларды жан-жақты дамыту әсіресе, ағарту мен мәдениетін арттыру жағы көзделеді. Негізінде тіл білімі, әдебиеттану, тарих, мектепке дейінгі тәрбие, педагогтық қызмет, жане кітапханалық қызмет, мәдени-ағарту жұмыстары және әкімшілік басқару, т.б. жұмыстарына икемділігі тәрбиеленеді. Өйткені қазіргі еңбек жұмысшы мен қызметкерден ауызша да, жазбаша да жоғарғы тіл мәдениетін талап етеді. Ал, ол мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан да мектепте әр пәндерден сабақ өткізіле отырып, еңбек туралы, онда қызмет ететін адамдар туралы мәліметтер беріледі. Әсіресе, қоғамдағы еңбектің рөлі оның дамуы, жұмысшылардың еңбек және әскери даңқтарын мектеп оқушылары пәндерді оқыту арқылы игереді.

Мектепте кәсіптік бағдар беруді ойдағыдай іске асыру үшін мұғалім оқушыларды таныстыра алатын кәсіптердің үлгі тізімін белгілейді және әрбір пәннің ерекшеліктерін еске алып, жалпы жоспар негізінде барлық мұғалімдердің күш-жігерін үйлестіріп отыру қажет.

Бұл жұмысты іске асырудың басты шарты мұғалімді әзірлеу болып табылады. Өз пәніне байланысты ең алдымен болашағы бар және қоғамға керекті басты кәсіптерді білу, кәсіптік бағыт беру және оқушыларды зерттеу мәселелері жөнінде мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық даярлық беру болып табылады.

Республикамызда мектеп реформасына сай Х-ХІ сынып оқушылары үшін кәсіптік оқыту ұйымдастырылады. Бұл оқудың мақсаты, оқушыға белгілі бір кәсіп туралы білім мен дағды беру. Ал ол үшін мектепте сол кәсіпке байланысты түрлі мүмкіндіктер мен жағдайлары болуы тиіс. Бұл оқытуда оқушыға белгілі бір кәсіпке қажетті білім мен дағды беріледі. Сонда да болса, политехникалық, технологиялық оқу мен кәсіптік оқу бір-бірімен байланысты болғанмен, бір-бірінен ерекшеліктері де бар деп түсіндіреді [6].

Мамандық таңдауда еңбекке оқытудың өте үлкен маңызы бар. Онда оқушылардың:

1) еңбекке өмірлік қажеттілік тұрғысынан дұрыс қатынасын;

2) өзінің сол еңбекке саналы түрде араласуы міндеттілігін;

3) жалпы еңбектік икемі мен дағдысын қалыптастыру;

4) кәсіптік даярлығы іске асырылады.

Сондай-ақ, еңбекке оқыту оқушылардың жұмысшы мамандығына деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбектің кейбір бөлімдерін таныстыру көзделеді. Сонымен бірге еңбекте өзін-өзі байқап көру мақсат етіледі.

Кәсіптік бағыт берудің ең нәтижелі формасы ол – оқушылардың өндірістік оқуын нәтижелі ұйымдастыру, оның қазіргі кезде мынадай нұсқалары бар.

1. Ауыл мен қаладағы ірі кәсіпорындарға байланысты оқу цехтарында өткізу.

2. Мектепаралық оқу-өндірістік кішігірім комбинаттарда (бұл сол ауданда әр түрлі саладағы кәсіпорындарда).

3. Кейбір өнеркәсіп цехтарында өткізу.

Мұның барлығында да оқушылар өндіріспен жақын танысуға мүмкіндік жасалады. Олардағы еңбек адамдары мен еңбек жағдайларымен танысады, байланыс жасайды. Олар:

- өндірістегі жұмысшылардың өндірістік оқу кезінде шебер болып жүргізуі, үйірмелерді өткізу, өндірістік топсеруендер, әңгіме жүргізу, кездесулерді өткізу;

- жас жұмысшылар мен жоғары сынып оқушылары бірігіп кештер өткізу (кәсіп, мамандыққа байланысты);

- жоғары сынып оқушыларын сол өндірістегі мәжілістерге қатыстыру;

- бірлесіп жиналыс, диспут, оқу конференцияларын өткізу, т.б.

Бұл жұмыстарда оқушылар өндірістегі жұмысты, оның мазмұнымен, жұмыс ырғағымен танысады.

Қорыта келгенде, кәсіби бағдар берудің мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау. Ол үшін мына нәрселер қажет:

- оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіру.

Ол үшін кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттеріне мыналарды жатқызамыз:

- кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру;

- қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;

- кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру;

- кәсіптік бейімделу.

Жоғарыдағы атап өтілген компоненттердің орындалуы үшін ұстаздардың, сынып жетекшінің оқушыларға еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруде ата-аналармен, жұртшылықпен, өндірістік ұжыммен бірлесе отырып жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелерін жетілдіре түсу қажет.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

Разместите кнопку на своём сайте:
Рефераты


База данных защищена авторским правом ©referat.znate.ru 2012
обратиться к администрации
Школьные рефераты
Главная страница